Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингі жарияланды.

Алғашқы ауыр салмақ бойынша Қамшыбек Қоңқабаев 29-орынға тұрақтады. Ол бұдан бұрын 37-орында тұрған болатын.

Екінші орта салмақ дивизионында Айдос Ербосынұлы бір сатыға жоғарылап, 11-орынға көтерілді. Ал орта салмақта бақ сынап жүрген Жәнібек Әлімханүлы 6, Мейірім Нұрсұлтанов 15-орынға жайғасты.

Бірінші орта салмақ дивизионында Садриддин Ахмедов бір сатыға төмендеп, 18-орынға табан тіреді. Тұрсынбай Құлахмет те бір сатыға төмен түсіп, 28-орынды місе тұтты.

Орта салмақтағы Данияр Елеусінов 23-орыннан 22-орынға көтерілсе, Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақта сегізінші орнын сақтап қалды.