Қазақстан құрамасының ойыншысы Владислав Васильев жаңа маусымды Беларусьтің «Динамо» командасында бастайды. Бұл туралы бресттік клуб ресми хабарлады.

Биылғы маусымды Владислав Васильев «Рух» командасына жалда өткізіп. Ол 26 матчта алаңға шығып, 8 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

Айта кетейік, Беларусь чемпионатында «Энергетик-БГУ» командасының сапында нәтижелі ойнаған Владислав Васильев алдымен «Динамо-Брестке», артынша «Рух» клубына ауысқан.