Қазақстандық Алдаир Әділов минскілік «Энергетик»-БГУ командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 жастағы Әділов беларусьтік клубқа былтыр қыркүйекте ауысқан. Бүгінге дейін команданың жастар құрамында ойнаған.

Алдаир Әділовпен қатар клубтан 20 жастағы бразилиялық Виктор Диас та командадан кетті.

Әділов «Астананың» жүйесінде ойнаған, кейін испаниялық «Марсет» академиясында тәлім алған.