Бүгін Алматыда «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтер» арасындағы футболдан Қазақстан суперкубогының 3-ші орны үшін матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның қазіргі чемпиондары «Қайрат» тартысты өткен матчта «Тобылдан» жеңіліп қалды. «Кеншілер» елордалық «Астанаға» 0:2 есебімен есе жіберді.

Еске салайық, биылғы жылы турнир Түркістанда жаңа форматта өтіп жатыр. Бұған дейін суперкубок чемпионат жеңімпазы мен Қазақстан кубогының иесі арасында ойналатын еді.

Турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Жаңа формат бойынша қатысушылар Қазақстан-2020 чемпионатының чемпионы мен жүлдегерлері - «Қайрат», «Тобыл» және «Астана» болды. Ал өткен маусымда төртінші орын алған «Шахтер» Қазақстан Кубогының иегерін алмастырды.

«Қайрат» - «Шахтер» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Тікелей трансляциясыны мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.