ФИФА 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының финалына билет сатуды бастады, деп жазады Prosports.kz.

48 802 еуро тұратын пакеттер қазір сатылымға шықты. Бұл бағаға матчқа екі билет, демалыс бөлмесіндегі кешкі ас, автотұрақтар мен эксклюзивті сыйлықтар кіреді.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2022 жылы қараша және желтоқсан айларында Катарда өтеді. Финалдық матч 2022 жылы 18 желтоқсанда Лусаилдегі 80 мың көрермен сиятын Ұлттық стадионда өтеді.