«Арсенал» жазда шабуылшы Александр Лаказетті сатуға дайын.

«Зеңбірекшілер» француз төңірегінде жақсы ұсыныс жасаса, ойыншыны жібереді. Лондондық клубпен футболшының келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін жарамды.

29 жастағы шабуылшыға басты үміткерлердің бірі - «Монако».

Ляказетт осы маусымда барлық турнирлерде 30 ойын өткізіп, 11 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.