Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Доха WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 56-ракеткасы, германиялық Лаура Зигемундпен кездесті.

Бірінші партияда германиялық спортшының тай-брейкте жолы болды - 7:6 (9:7). Л.Зигемунд екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте брейкпен алға кетті. Әйтсе де есеп 5:3 болып, матчқа доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ол тағы да тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:5).

Аса тартысты өткен бәсеке 2 сағат 31 минутқа созылды.