Катар астанасы Дохада жүлде қоры 565 530 АҚШ долларын құрайтын WTA 500 санатындағы турнир басталды. Аталған сынға Қазақстан атынан жалғыз теннисші қатысып жатыр.

Қазақстандық Елена Рыбакина бірінші айналымда Германия өкілі Лаура Зигемундпен кездеседі. Рыбакина WTA рейтингінде 23-ші, Зигемунд 56-шы орында.

Екі спортшы арасындағы матч бүгінге жоспарланған.

Турнирде жалпы есебі 28 спортшы бақ сынауда. Турнир 6 наурызда аяқталады.