Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы "Matteo Pellicone" рейтингтік турниріне қатысады.
Аталған халықаралық дода 4-6 наурыз күндері Италияда өтеді. Рим бозкілемінде ел құрама сапынан 13 бұрымды балуан белдеседі.
50 келі: Валентина Исламова;
53 келі: Татьяна Ахметова, Асылзат Сағымбай;
55 келі: Айша Уәлишан;
57 келі: Эмма Тисина, Алтынай Сатылған;
59 келі: Диана Каюмова;
62 кг: Аяулым Касымова, Ирина Кузнецова;
65 келі: Гаухар Мұқатай
; 72 келі: Жамиля Бақбергенова;
76 келі: Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова.
Комментарии