Бүгін қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчында «Металлург» командасымен кездеседі.

«Металлург» - «Барыс» матчы елорда уақытымен 21:00-де басталады. Тікелей трансляцияныQazsport телеарнасынан қарауға болады.

Қос команда тұрақты чемпионатта төрт мәрте кездескен. Оның үшеуінде ресейлік, біреуінде қазақстандық команда жеңіске жетті.