Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» бүгін, 2 наурызда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі.

Жарыс талабы бойынша плей-офф кезеңінің ширек финалында екі команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады. Алғашқы кездесу 2 наурызда басталады.

Магнитогорскіде сол күні және 4 наурызда екі ойын өтеді. Ал 6 және 8 наурыз күндері ойындар елордада болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндері өткізіледі.