Өткен аптада Алматыда үлкен бокс кеші өтті, оның басты жекпе-жегінде Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) өзінің үшінші кәсіби жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBO Asia Pacific белбеуін беліне тақты.

Отандық спортшы ресейлік Сервер Эмурлаевтен (23-1, 8 КО) басым түсті. Қамшыбектің қарсыласы алтыншы раундтан кейін рингте шайқасудан бас тартты.

Prosports.kz белгілі қазақстандық боксшы, IBA тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасында әлемнің экс-чемпионы Марат Мәзімбаевпен бірге Қоңқабаевтың кәсіпқой бокстағы болашағы туралы, сондай-ақ Қазақстан боксының ең өзекті жаңалықтарын талқылауға шешім қабылдады.

- Марат Кенебайұлы, өткен аптада Қамшыбек Қоңқабаев өзінің үшінші кәсіби жекпе-жегін өткізіп, ресейлік Сервер Эмурлаевты жеңіп, WBO Asia Pacific pro титулына қол жеткізді. Бұл жетістігі боксшының деңгейі өте жоғары екенін аңғарта ма?

- Үшінші жекпе-жекте титул жеңіп алған жақсы көрсеткіш. Бұл команданың еңбегі, бірақ Қоңқабаев тәжірибелі боксшы, сондықтан оған әлсіз қарсыластар таңдауға негіз жоқ. Кәсіби мансабы жақсы басталды. Егер бәрі осылай жалғаса берсе, жақын арада Қамшыбек әлем чемпионы атағына таласуы да бек мүмкін.

- Яғни, Олимпиададан кейін Қоңқабаев түбегейлі кәсіпқой боксқа кете ме?

- Неге кетпеске? Нәтиже тамаша. Тек осы бағытта мансабын жалғастырса алар асуы әлі алда.