Болгарияда өткен «Странджа» турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бокс командасы 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер командасы екі қола медальге қол жеткізді. Атап айтқанда, Нұрқанат Райыс пен Бийбарыс Жәкен турнирдің қола жүлдегері атанды.

Ал қыздар құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Валентина Хальзова жарыстың алтын медалін жеңіп алса, Надежда Рябец пен Ангелина Лукас күміс, Карина Ибрагимова қола медаль иегері болды.