«Барыс» капитаны Даррен Диц ҚХЛ тұрақты чемпионатының соңғы аптадағы үздік қорғаушысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы лиганың ресми сайты хабарлады.

Елордалық хоккейші өткен ойын аптасында үш ойынға қатысып, 5 (3+2) ұпай еншіледі.

Айта кетейік, Даррен Диц мансабында алтыншы рет үздік қорғаушы атанып отыр. Бұл атаққа осы маусымда үшінші рет қол жеткізді.