Беларусьтің «Динамо» командасы Қазақстан құрамасының ойыншысы Владислав Васильевті сапына қосуды қарастырып жатыр.
«Динамоның» бас бапкері Сергей Ковальчук клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазақстандық ойыншы жайлы айтты:
– Қазір бұл футболшы қаралымда жүр. Алдын ала келісім бар. Алдағы күндері бәрі шешіліп, маусымға тіркейміз деген сенім бар, - деді ол.
Биылғы маусымды Владислав Васильев «Рух» командасына жалда өткізіп. Ол 26 матчта алаңға шығып, 8 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.
Айта кетейік, Беларусь чемпионатында «Энергетик-БГУ» командасының сапында нәтижелі ойнаған Владислав Васильев алдымен «Динамо-Брестке», артынша «Рух» клубына ауысқан.
Комментарии