Ресейлік маман Курбан Бердыев жаттықтырушы қызметін жалғастыру үшін Қазақстаннан ұсыныс алған. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» басылымы хабарлады.«Бапкерге Қазақстаннан ұсыныстар түскен, алайда ол қызметін ресейлік командаларда жалғастыруды жөн көріп отыр», – деп жазды басылым.Қазақстанда Құрбан Бердыев «Химик», «Мұнайшы» және «Қайрат» сияқты командалардың тізгінін ұстады. Бердиев ойыншы ретінде алматылық клубта 150 матч өткізіп, 33 гол соқты.