Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін мәлімдеді.

«Екі айдан соң жаттығуға ораламын. Оңалту процесі жақсы жүріп жатыр! Аз қалды, жақында жекпе-жек болады. Бәріңізді жақсы көремін», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Мария Агапова UFC аясында екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Соңғы кездесуінде америкалық Шэн Добсонға есе жіберді.