«Ақтөбе» сапына чехиялық қорғаушы Михаил Йержабек қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 жастағы футболшының кейінгі командасы чехиялық «Яблонец» болған. Биылғы маусымда Чехия чемпионатында 2 матч өткізген.

Бұған дейін Чехиядағы «Дукла», «Теплице» командаларында ойнаған.