«Тұран» сапына беларусьтік қорғаушы Андрей Залеский ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Трибунаға» сілтеме жасап.

30 жастағы футболшы былтырғы маусымда талдықорғандық «Жетісуда» ойнап, 14 матчта бір гол соққан.

Бұған дейін беларусьтік «Динамо» Минск, «Береза-2010», «Слуцк» және «Динамо-Брест» командаларында өнер көрсеткен. Беларусьтік жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған.