Қазақстандық боксшы Қанат Ислам бүгінгі жекпе-жек барысында техникалық жеңіліске ұшырауы мүмкін еді. Бұл туралы The Ring журналисі Райан Сонгалия мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Майамиде Ислам эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Америкалық журналистің пікірінше, жекпе-жек барысында төрешілер Қанат Исламға дисквалификация беруі мүмкін еді.

«Қанат Ислам Джейсон Минданы төртінші раундта нокдаунға түсірді, бірақ ол еденде жатқанда апперкотпен тағы ұрды. Сол үшін Исламнан екі ұпай алынып тасталды, бірақ егер Мина жақсы ойнағанда, Қанат Исламды мүлдем рингтен шеттетуге болатын еді», - деді Сонгалия.

Қанат Ислам эквадорлық боксшыны жеңді