Ресейлік боксшы Давид Аванесян жартылай орта салмақта EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы титулын қорғады.

32 жастағы боксшы ұлыбританиялық Джош Келлиді алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Келли оған дейін екі рет нокдаунға түскен. Алтыншы раундтан кейін ұлыбританиялықтың бұрышы ақ орамал тастады.

Осылайша, Аванесян титулын 3-рет қорғап қалды. Ал Келли алғаш рет жеңіліп отыр.