Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы «Годзилла» лақап атпен нигериялық Онориоде Eвариеме (18-1, 17 KO) болды. 12 раундтық кездесуде WBA International белбеуі бәске тігілді. Төртінші раундта қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірду.

Осылайша, 32 жастағы боксшы өзінің кәсіби мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.