Ертең таңда Майамиде қазақстандық Қанат Ислам рингке оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол колумбиядық Джейсон Мендимен жұдырықтасады. Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Қанат пен Джейсон жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-де басталады. Кездесу он раундқа жоспарланған. Жекпе-жектің тікелей трансляциясын КОTV қосымшасы арқылы көруге болады.

Сондай-ақ, бокс кешінің андеркардында Қазақстан тумасы Димаш Ниязов рингке шығады. Ол аргентиналық Джонатан Годоимен кездеседі.