Тель-Авивте дзюдодан Grand Slam додасының соңғы жарыс күні өтіп жатыр.

Ерлер 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақта, әйелдер 78 келіге дейін және 78 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтауда.

90 келі Ислам Бозбаев алғашқы қарсыласы швециялық Маркус Няманды жеңіп, келесі айналымға өтті. Оның келесі қарсыласы ресейлік Мансур Лорсанов болмақ.

Жарыстың үшінші күнінде 100 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан қазақстандық Айбек Серікбаев алғашқы айналымда қарсыласына есе жіберді.

100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Красыл Қажыбаев тәжікстандық Тимур Рахимовтан, Әділ Оразбаев түркиялық Жемал Ердоганнан ұтылып қалды.