Дзюдодан Тель-Авивте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола медальға таласады.

60 келіде белдесетін Ғұсман жұбаныш кездесуінде израильдік Матан Коколаевты жеңді.

Қырғызбаевтың кіші финалдағы қарсыласы – украиналық Артем Лесюк.

Бұл салмақта алтын жүлденің тағдырын әзірбайжандық Давуд Маммадсой мен грузиялық Темур Нозадзе шешеді.