Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (12-2) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

Бүгін Таяу Шығыстағы ірі Brave Combat Federation промоушенімен келісімшартқа отырған спортшы дебютін 11 наурызда Бахрейнде өткізеді.

Еске салайық, Алмабаев соңғы жекпе-жегін 24 желтоқсанда Алматыда өткізіп, отандасы Дархан Сқақовты жеңген болатын. Бұл кездесуден кейін ол аса жеңіл салмақта Naiza Fighting Championship чемпионы атанған еді.