Екінші орта салмақта WBA Super және WBC чемпионы Сауль «Канело» Альварес болашақтағы жоспарымен бөлісті.

«Біздің мақсат – екінші орта салмақтағы барлық титулды жеңіп алды. Әрине, бұған дейін ешқандай мексикалық мұндай көрсеткішке жеткен емес. Ал біз тарихты жазуды жалғастырамыз», – деді «Канело».

Айта кетейік, Сауль Альварес 27 ақпанда АҚШ-та түрік боксшысы Авни Йылдырыммен жұдырықтасады.