АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы Димаш Ниязов (13-1-3, 6КО) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл күтетін жекпе-жектерін айтты.

— Биыл бірнеше үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. ТОП-3 кездесуді айта аласың ба?

— Бірінші кезекте, Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс жекпе-жегі. Канело — GGG трилогиясын да көретін шығармыз. Ал үшінші жекпе-жек менің дивизионымдағы жігіттер — Райана Гарсия мен Джервонт Дэвис.

Еске салайық, 20 ақпанда Майамиде Димаш Ниязов аргентиналық Джонатан Годоимен кездеседі. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.