Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Ақтөбе» мен словениялық «Добовец» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақ-қызылдар» матчты Алматыда – «Қайраттың» жаңа базасында өткізеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы 1/8 финалына шығу үшін «Ақтөбе» сырт алаңда грекиялық АЕК-ті 5:2 есебімен жеңген болатын.

«Ақтөбе» - «Добровец» матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.

Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» - «Добовец» матчы Алматыда өтеді

Чемпиондар лигасы: АЕК – «Ақтөбе» матчының үздік сәттері