«Қайрат» Чемпиондар Лигасының 1/8 финалындағы «Юнайтед Галацпен» матч алдында бірден екі маңызды ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дуглас пен Дәурен Нұрғожин командаға көмектесе алмайды. Екеуі де жарақатына байланысты қатардан шығып қалды. Нұрғожиннің қабырғасы сынған болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, румын клубымен кездесу 20 ақпанда елорда уақытымен 18:00-де басталады. Кездесу Алматы облысындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өтеді.