Таразда су добынан қыздар командалары арасынан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Қазақстан чемпионатының ІІІ және ІV кезеңдері Тараз қаласында 17-21 ақпан күндері ұйымдастырылады. Ел біріншілігіне 2006 жылы туған қыздар қатысады.

Чемпионатқа ШҚО, БҚО, Жамбыл облысы және Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатыстырылады. Айта кетерлігі, Жамбыл облысынан үш команда жарысқа қатысуға мүмкіндік алған.

Санитарлық-эпидемиологиялық қатаң талаптарды ескере отыра, Қазақстан чемпионаты көрермендерсіз өткізіледі.