2021 жылғы 21-28 ақпан және 28 ақпан мен 7 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ATP Challenger Tour сериясының «FORTE CHALLENGER 100» және «FORTE CHALLENGER 125» халықаралық турнирлері өтеді.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 260 400 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды ҚТФ ресми сайты. Беделді жарысқа әлемдік рейтингтің үздік жүздігіне енген ойыншылар қатысады.

Қазақстан намысын Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Григорий Ломакин және басқалар қорғайды.