Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Италияның Биелла қаласында өтіп жатқан Challenger сериясы турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Попко америкалық Себастьян Корданы 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Келесі раундта қазақстандық Эрнест Гулбис (Латвия) - Рауль Бранкаччо (Италия) матчындағы жеңімпазбен кездеседі.