Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем кубогы кезеңі кейінге шегерілді.

Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесіне сәйкес аталған турнир 10-13 наурыз күндері өтуі тиіс еді.

Катарда жоспарланған әлем кубогының кезеңі Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі болып саналады.

Жарыстың қашан өтетіні қазірге белгісіз. Белгісіз мерзімге шегерілген жарыстың нақты уақыты алдағы уақытта хабарланатын болады.