Халықаралық триатлон одағы (World Triathlon) 2020 жылғы Токио ойындарына іріктеу турнирлерінің өту мерзімі ауыстырылғанын хабарлады.

Алғашында лицензиялық жарыстар ағымдағы жылдың наурызында өтуі тиіс болған.

Алайда, коронавирусқа байланысты жарыс күнтізбесіне өзгеріс еніп, іріктеу турнирлері мамырға жоспарлануда.

Аталған шешімді қабылдауға ғаламдық пандемия әсер еткенін айта кету керек.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында триатлоннан 110 спортшы бақ сынайды.