Франция құрамасын Зинедин Зидан жаттықтыра ма

Франция құрамасын Зинедин Зидан жаттықтыра ма

Мадридтік «Реал<span>»</span> жаттықтырушысы Зинедин Зидан Дидье Дешам кетіп қалған жағдайда Франция құрамасының бас бапкері лауазымына басым үміткер саналады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тиісті мәлімдемені Франция футбол федерациясының президенті Ноэль Ле Гре L ' Equipe-ге берген сұхбатында жасады.

«Зиданмен қарым-қатынасымыз жақсы. Егер Дешам құрамадан кетсе және мен әлі де орнымда отыратын болсам, бірінші Зиданға жұмыс ұсынамын<span>»</span>, - дейді Ле Гре.

Еске сала кетейік, Зиданның «Реал Мадридпен<span>»</span> 2022 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар, бірақ команда ешқандай титулға ие болмаса, келісім жазда бұзылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или