2023 жылдың 4-12 наурыз аралығында Щучинск қаласындағы жаңа биатлон базасында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді.

Халықаралық биатлоншылар Одағы басқармасы мен техникалық комитет мүшелері Щучинск қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдады.

Щучинск қаласында шаңғы-биатлон базасы 2018 жылы ашылған еді, IBU тарапынан сертификаттаудан өткен және халықаралық жарыстарды өткізу үшін "А" санатын алған толыққанды кешен болып саналады.