Бүгін, 12 ақпанда биатлоннан әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Словенияның Поклюка қаласында биатлоннан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер арасында спринт бойынша сайыстар өтеді.

10 км қашықтықты бағындыруға Қазақстан сапынан Александр Мухин, Владислав Киреев және Данил Белецкий қатысады.