Поклюкада (Словения) биатлоннан әлем чемпионаты басталды. Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып, Қазақстан құрамасының бүгінгі нәтижесін ұсынады.

Әлем чемпионатының алғашқы күнінде аралас эстафета бойынша жарыстар өтті. Қазақстан құрамасы 27-орыннан көрінді. Қазақстан сапынан жарыс жолына Александр Мухин, Владислав Киреев, Элизавета Бельченко және Галина Шепоренко-Вишневская шықты.

Жарыс қорытындысы бойынша Норвегия бірінші, Австрия екінші орыннан көрінді. Ал Швеция құрамасы үшінші орынға тұрақтады.