Алматыда шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Аталған халықаралық сайыс 11-13 ақпан күндеріне жоспарланған. Шаңғышылар "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде жарысады.

Айта кетейік, Шығыс Еуропа кубогына Қазақстаннан өзге, Қырғызстан, Марокко және Ресейден спортшылар қатысады.