Белгілі қазақстандық файтер, UFC жауынгері Шавкат Рахмонов ұлты туралы даудың нүктесін қойды.

ММА жанкүйерлерінің көбі «Шавкат Рахмоновтың ұлты қандай?» деп ойлаған шығар. Шавкат - қазақтар арасында сирек кездесетін есім, Рахмоновтың Өзбекстанда туғанына байланысты оны өзбек деп санайтындар бар. Файтер Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында бұл мәселеге нүкте қойды.

Шавкат Рахмонов 1994 жылы 23 қазанда Өзбекстан оңтүстігінде туған. 2010 жылы Қарағандыға көшіп барған. 2014 жылы кәсіпқой ММА-де дебютін өткізіп, 2019 жылы наурызда М-1 Global чемпионы атанған. Былтырғы қазанда UFC-де алғашқы жекпе-жегіне шығып, бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген болатын. UNDERDOG спорт агенттігінің нұсқасы бойынша «2020 жылдың үздік файтері» атанған.