Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Ян Труфанов "Даму кубогі" халықаралық турнирінің үздік шабуылшысы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық футболшы турнир барысында бес мәрте көзге түсті. Біздің ойыншы алаң иелері Беларусь құрамасымен өткен ойында екі гол соқты. Молдовамен өткен кездесуде қазақстандық футболшы хет-трик жасады.

Сұрмергендер тізімінде Ян Труфановтан кейін үш голмен Тәжікстан құрамасының шабуылшысы Абдулфаттох Худойдодзада орналасты.

Жүлдені жас шабуылшыға УЕФА ұлттық қауымдастықтар департаментінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Ева Паскье табыстады.