БАТЭ құрамында Беларусь чемпионы, Франция жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Эрвен Мукам «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz қазақстандық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жастағы Мукам БАТЭ-де екі жарым маусым өткізді. 2020 жылғы Беларусь чемпионатында ол 13 матчқа қатысып, гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Ақтөбе» тізгінін БАТЭ-нің бұрынғы бапкері Алексей Бага ұстайтыны белгілі болды, ал клубқа Борисовтың бұрынғы шабуылшысы Боян Дубайч қосылды.