Бүгін, 8 ақпан күні Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы басталды.

Ольга Рыпакова жеңіл атлетика манежінде өтіп жатқан байрақты бәсекеге барлығы 252 спортшы қатысуда. Жоспар бойынша ел кубогі екі күнге созылады.

Сонымен қатар, аталған спорт кешенінде жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр.