12-13 ақпан күндері елордада жеңіл атлетикадан Nur-Sultan Open 2021 турнирі өтеді.

Аталған сын QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде ұйымдастырылмақ.

Бұл жаңадан салынған спорт нысанында өтетін алғашқы жарыс. Турнирге еліміздің әр аймағынан 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылды. Спортық нысан World Athletics сертификатын иеленген және барлық халықаралық талаптарға сай келеді.