Испания футболындағы ең көне екі клуб бір-бірімен ойнайды, анығын айтсақ, "Атлетик" командасы Сан-Маместе "Валенсияны" қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі команданың да құрылғанына 100 жүз жылдан асты және бір ғасырдан астам уақыт ішінде лиганың 171 матчында кездескен: "Атлетик" 62 рет жеңіске жетсе, "Валенсияның" 67 жеңісі бар. Қалған 42 матч тең аяқталыпты. Марсельино мен Хави Грасиа командаларымен алғаш кездескелі тұр.

Екі клубтың жанкүйерлері үшін бұл ерекше кездесу, себебі өткен жеңістер мен кейбір ащы жеңілістер туралы ауыр естеліктерді еске түсіретін ерекше ойын болмақ.