Марселино «Валенсияның» бас бапкері қызметінен Копа дель Рей (Испания кубогы) кубогын жеңгеннен бірнеше айдан кейін, 2019 жылдың қыркүйегінде кетті.

«Сантандера», «Рекреативо де Уэльва», «Вильярреал» клубтарының бұрынғы бапкері «Атлетик» тізгінін ұстаған бетте жақсы нәтиже көрсетті. Испания суперкубогына «Реал» мен «Барселонаны» қатар жеңды.

Бірақ соңғы уақытта «Валенсияның» да көші түзелді. Қазіргі жаттықтырушы Хави Грасианың жетекшілігімен нағыз жауынгер команда жасақталды. Олар Ла Лиганың соңғы бес матчында бір рет ғана жеңілді.

«Атлетик» Камп Ноуда «Барселонадан» 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін турнирлік кестенің 11-сатысына жайғасты. Алайда, осының алдында «Сан Мамес» стадионында өткен ойын аса сәтті болды. Ол кездесуде «Хетафені» 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

Ардагер Рауль Гарсия «Хетафеге» қарсы ойында екі гол ссқты. Ол сонымен қатар Суперкубок матчында «Реал» қақпасына да қос гол соққан. Капитан әрі плеймейкер Икер Муньяин, сондай-ақ орталық шабуылшы Иньяки Уильямстар да команда тізгінін Марселино ұстағаны жақсы өнер көрсетіп жүр.

Ал «Валенсия» бұдан сәл ертерек «Реалды» 4:1 есебімен жеңіп, «Барселонамен» 2:2 есебімен тең ойнаған. Бірақ сырт алаңда өткізген соңғы ойында олар «Атлетикодан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Содан кейін өз алаңында «Эльчені» 1:0 есебімен жеңді. Қазіргі таңда «жарғанаттар» турнирлік кестеде 14-орында тұр.

Команданың қарізгі сәттегі сұрмергені жартылай қорғаушы Карлос Солер. Ол Ла лигада алты гол соқты (бес пенальти). Уругвайлық шабуылшы Макси Гомес чемпионатта бес гол соғып көзге түсті. Ал капитан әрі сол жақ қорғаушы Хосе Гайя осы маусымда төрт нәтижелі пас берді.

Қос команда арасындағы соңғы кездесулер аса тартысты өтіп жүр. 2020/21 жылғы маусымдағы алғашқы кездесу нағыз триллер болды деуге негіз бар. Солер «Валенсияны» алға шығарды, Асьер Вильялибре есепті теңестірді, содан кейін Рауль Гарсия пенальтиден гол соқты, бірақ кездесудің соңында Ману Гарсия есепті қайта теңестірді. Сөйтіп, қорытынды нәтиже 2:2 болды. Айта кетерлігі «Валенсия» «Сан-Мамес» стадионында үш ойын бойы жеңіске жете алмай жүр.

Бас бапкер Марселинодан бөлек екі команданы байланыстыратын өзге ойыншылар да бар. Атап айтқанда, Ариц Адуристі екі команданың жанкүйерлері де жақсы көреді. Екі команданың жейдесін киген басқа да танымал ойыншыларды атауға болады. Олар: Андони Субисаррета, Асьер дель Орно, Эдмундо Суарес Трабанко. Мұның соңғысы мансабын «Атлетикте» бастап, кейін 1939-1950 жылдар аралығында «Валенсия» сапында 186 гол соғып, команданың Ла Лигадағы үздік сұрмергені атанған.

Өзара тығыз байланыстағы қос клубтың кезекті кездесуі қызықты өтері сөзсіз.