Бұл күндері Клингенталь қаласы (Германия) шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы әлем кубогі кезеңін қабылдауда.

Olympic.kz аталған сындағы қазақстандық спортшылар көрсеткішін назарларыңызға ұсынады. Іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан Сабыржан Мүмінов пен Сргей Ткаченко қатысқан болатын.

Нәтижесінде, екеуі де жарыстың негізгі бөліміне жолдама алды. Мүмінов 47-ші, Ткаченко 50-ші нәтиже көрсеткен.