Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын бастығы Олег Почивалов Қазақстан азаматтығынан айрылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы отандық БАҚ Шымкент полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлады.

Белгілі болғандай, шенеуніктің Ресей паспорты болған. «Шымкент қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі дирекциясы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтық алу фактісін анықтады. Азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес көші-қон қызметі департаменті Олег Владимирович Почиваловты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру фактісін тіркеді», - деп хабарлады жергілікті көші-қон қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылы желтоқсан айының ортасында бірқатар әлеуметтік желі парақшаларында шымкенттік шенеунік Олег Почиваловтың Ресей елінің азаматы екені туралы ақпарат тарап, тіпті кейбір құжатының көшірмесі жария етілді.

Онда Олег Почиваловтың тұрғылықты жері Мәскеу екені, ал «азаматтық» бағанында «Ресей Федерациясы» деп жазылғанын көруге болады. Алайда спорт басқармасының өкілі бұл ақпаратты теріске шығарған болатын.