Азия Таеквондо Одағы (WT Asia) Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының іріктеу турнирлерін кейінге шегеретінін мәлімдеді.
Иордания астанасы Амман қаласында жоспарланған Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 14-15 мамыр күндеріне ауыстырылды. Ал паралимпиадаға іріктеу турнирі 16 мамырда өтеді.
Айта кетерлігі, бұған дейін Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 26-27 наурызда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 28 наурызда өтуі тиіс еді.
Комментарии